Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда үстел теннисінен жарыс өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 09.03.2020 2278 0 пікір
Павлодарда үстел теннисінен жарыс өтті

ҚМДБ-30 жылдығына орай «30 игі шара» акциясы бойынша Павлодар қалалық «Омар әл-Фаруқ» және «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қалалық «Мұз сарайында» мешіт діни қызметшілері және жамағаты арасына үстел теннисінен облыстық турнир өтті.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, имамдар мен жамағаттың бірлігін арттыру, толеранттылық қалыптастыру болмақ.

Жарыс имамдар және жамағат арасында 2 номинация бойынша өтті. Оған қалалық және аудандық әр мешіттен бір дін қызметкері және бір жамағат қатысты.

Облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлының қатысушыларға насихаты және сәттілік тілеуімен басталған турнирдің 16 имам қатысқан жарыс нәтижесінде: 1-орынды Бейсембаев Мади (Омар әл-Фаруқ мешітінің азаншысы), 2-орынды Нұртаза Алдияр (Аққулы ауданы, Шарбақты аулының имамы), 3-орынды Акрамов Рахат (Май ауданы, Малайсары ауылының имамы) иеленді.

Ал жамағат арасынан 20 қатысушы бақ сынап, жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды Литвиненко Максим (Ар-Рахман мешітінің жамағаты) жеңіп алса, 2-орын Кенжеахметов Нұрланға (Бижан мешітінің жамағаты) бұйырды. Баянауыл ауданы Майқайың кентінің жамағаты Досов Ербол 3-орынды місе тұтты.

Жүлде алғандарға арнайы марапат хаттар және қаржылай сыйлық табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру