Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 09.03.2020 2235 0 пікір
Өскеменде көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет» қорынан Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай көпбалалы аналарға ақ дастархан жайып, құрмет көрсетті.

Алқалы басқосуға көпбалалы аналар қатысты. Жиында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Ақжаулықты аналарымыз қашанда берекенің ұйтқысы. Қазақ тарихында аналарымыз ар мен иманның бастауы болып келген. Аналар барлық құрметке лайық. Сіздердің, ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбектеріңіз болашаққа үлгі. Көпбалалы аналарымызға өкілдіктен бірқатар қайырымдылық шарасын біз әрқашан назар аударып келеміз» деп, ерекше атап өтіп, аналарға сыйлықтар ұсынды.

Жиында сонымен қатар ананы сыйлау, исламдағы әйел мәртебесі жайлы тағылымдық маңызы зор құнды насихаттар айтылды. Ақ дастархан басында аналар тілектерін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру