Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық мешітінде балалар арасында «Иманды ұрпақ — ұлт болашағы» атты Құранды жатқа оқу байқауы ұйымдастырылды.
Мешіт жанындағы сауат ашу курсында күнделікті білім алатын шәкірттер арасында өткен жарысқа аудан имамы Мұсабек қажы Тағанұлы арнайы қатысып, үздік шыққан шәкірттерді марапаттады.
Қатысушылардың баршасына сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар берілді. Алғаш ұйымдастырылған игі шараға балаларды ата-аналары куә болып, жоғары деңгейде өткен жарысқа дән риза болып, мешіт ұжымына өз алғыстарын білдірді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
09.03.2020
3102
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру