Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада «Өзгеге өмір сыйла» донорлық акциясы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 09.03.2020 2126 0 пікір
Қызылордада «Өзгеге өмір сыйла» донорлық акциясы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінде «Өзгеге өмір сыйла» ұранымен донорлық акциясы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай, «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық жобасы аясында және еріктілер жылының құрметіне ұйымдастарылған игі шарада мешітке келген ерікті жамағат донор болып, қан тапсырды.

Қасиетті Құран Кәрімде «Маида» сүресінің 32-ші аятында Алла Тағала: «Кімде-кім бір адамды өлімнен құтқарса, барлық адамды тірілткенмен тең» деп адамзатқа өмір сыйлаудың сауабының көп екендігін ескерткен. Құран аяттарына амал етіп, сауапты шараға өз үлесін қосқан барша жамағатқа «Облыстық қан орталығының» қызметкерлері мен мешіт имамдары алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру