ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов Байқоңыр қаласына арнайы сапармен барды.
Сапармен барысында бас имам Болатбек Ұласқанұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Абатов Жасұлан Уәлиұлымен кездесті.
Сұхбат барысында Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай кенттеріндегі діни ахуал мен қоғамдық мәселелерді шешу жолдары, мешіт құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына көмек беру жайлы сөз қозғалды. Бас имам жат ағым жетегінде кетудің алдын алу мақсатында Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесімен бірге (РАНТ) аудан жұртшылығына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге келгенін атап өтті. Және де аймақтағы діни тұрақтылықты сақтау турасында өзара ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта да ел игілігі үшін бірлесіп жұмыс жасауға келісті.
Бұдан кейін бас имам «Жәрімбет ата» мешітінде жергілікті жамағатпен кездесіп, облысқа арнайы келген РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлын таныстырды. Кездесуде жамағат арасындағы «ынтымақ-бірлік», «бауырмашылдық», «теріс ағым зардабы» жайлы насихат айтылды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
08.03.2020
2548
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру