Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Оқыту курсы аяқталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 07.03.2020 2337 0 пікір
Өскемен: Оқыту курсы аяқталды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің аймақтағы әйел-қыздарға арналған екі апталық оқыту курсы аяқталды. Шара «ҚМДБ-ның білім беруді дамытудың 2020 тұжырымдамасы» негізінде жүзеге асты.

Оқуға өңірдің барлық ауданынан 56 шәкірт әйел-қыздар қатысып, Құраннан, ақидадан және Абай тағылымынан дәріс алды. Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде әйел шәкірттерге сертификат тапсыру шарасы өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы да қатысты.

«Өңірді білікті әйел ұстаздармен қамту және олардың біліктілігін көтеру бағытындағы шараларға өкілдік аса назар аударып келеді. Біз әйел ұстаздар жетіспейтін аудандық мешіттердің мәселесін әйел-қыздарды оқыту арқылы шешіп келеміз» дей келе, Ермек Қасболатұлы бұл игі істің маңызы жайлы және исламдағы әйел мәртебесі, білім алу туралы тағылымды насихат айтты.

Бас имам сонымен қатар курсқа қатысып, білім алған барлық әйел шәкірттерге сертификат табыс етті. Оқуға қамтылған әйел-қыз шәкірттер оқу барысында өздеріне жатын орынмен, ас-сумен, интернетпен, кітапханамен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, барынша жағдай жасалғанын айтып, өкілдікке және барлық ұстаздарға, мешіт ұжымына, ақжарма алғыс айтты. Айта кетейік, әйел-қыздарға діни білім беру курсы өкілдік тарапынан өткен жылдары 3 мәрте ұйымдастырылған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру