Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Сыр жамағатымен кездесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 07.03.2020 2232 0 пікір
РАНТ мүшесі Сыр жамағатымен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы Сыр жамағатымен кездесті.

Екі күнге созылған сапар барысында Нұралы Бақытұлы алдымен Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы асханада Ережеп айының құрметіне өткен ауызашарда және қалалық «Нұр», «Сұлтан» мешіттерінде жамағаттармен жүздессе, жұма күні Байқоңыр қалалық «Жәрімбет ата» мешітінде жұма уағызын айтып, мешітке келген жамағатпен бірге жұма намазын оқыды.

Кездесуде РАНТ мүшесі білім алу, жәннатқа жетелеуші амалдар, қарым-қатынас жасау әдебі, көркем мінезді мұсылман тұлғасы, дінді дұрыс ұстану тақырыптарында әсерлі уағыз айтып, деструктивті діни ағымдар идеалогиясы мен жат ағым жетегінде кетудің залалы туралы сөз қозғады. Сұхбат соңында жамағаттың көкейтесті сұрақтарына тұщымды жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру