Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Пәтер кілті берілді

Павлодар облыстық өкілдіктің баспасөз қызметі 07.03.2020 2526 0 пікір
Павлодар: Пәтер кілті берілді

Павлодар облысындағы қалалық және  аудандық мешіттердің біразында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде РАНТ мүшесі Еркебұлан Қарақұлов тұщымды уағыз айтты. Уағыздан соң облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы мен  ҚМДБ «Зекет» қорының облыстағы өкілі Қанат Тілеубаев «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі директорына Павлодар қаласындағы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.  Бұл баспана «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша жиналған қаражатқа алынды.

Баспаналы болған жан «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің жас ұстазы. Бұл медреседе бүгінде  еліміздің 5 облысынан 40-қа жуық бала білім алуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру