Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жерлеу рәсімін атқаратын орталық ашылды

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 07.03.2020 3175 0 пікір
Жерлеу рәсімін атқаратын орталық ашылды

Қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру екені белгілі. Кей жағдайда шариғат талабы ескерілмей, қаралы үй үлкен шығынға батып, көптеген қиындықтар туындап жатады. Осыған орай Алматы облысы Талғар аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен Талғардағы «Биеке батыр» мешіті жанынан жерлеу рәсімдерін атқаратын орталық ашылды. Бұл бастаманы жергілікті әкімдік, ауыл ақсақалдары және мешіт жамағаты толықтай қолдады.

Орталықтың ашылуына Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы арнайы қатысып, орталықтың негізгі мақсаты ысырапшылдыққа жол бермеу, қаралы отбасына қолдау көрсету және шариғи дұрыс кеңес беру екенін түсіндіріп, ел игілігі үшін қолға алынып отырған алғашқы Талғар ауданынан бастау алып отырғанын  атап өтті. Жерлеу рәсімдерін атқаратын орталық кеңес беру бөлмесі, мәйітті сақтайтын әрі жуатын арнайы орын, жаназа рәсімін оқуға арналған кең алаң және ас беретін асханамен толықтай қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ-ның орталық аппарат жиналысында мүфтият жанынан жерлеу рәсімін жүзеге асыратын орталық ашу қажеттігі айтылған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру