Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Теннис пен шахматтан ашық турнир өтті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 06.03.2020 2462 0 пікір
Талдықорған: Теннис пен шахматтан ашық турнир өтті

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Жастар ісі секторының» ұйымдастыруымен, облыстық және қалалық спорт басқармаларының ұйытқы болуымен «30 жылға 30 игі шара» аясында орталық «Иман» мешітінде қала мешіттерінің жамағаттары арасында үстел теннисі мен шахматтан ашық турнир өтті.

Турнирге барлығы 100-ге жуық спортшы жамағат қатысты. Шараның мақсаты – мешіт жамағаттарын спортқа баулу, бірлікке, ынтымақтастық пен ауызбіршілікке шақыру.

Турнирдің нәтижесі бойынша үстел теннисінен 1-орынды Құрсабаев Жандос Азатұлы («Нұр мешіті»), 2-орынды Сексенбаев Алмас Ерболұлы («Еркін мешіті») және 3-орынды Сабырбаев Әлімжан Нұрланұлы («Еркін мешіті») жеңіп алса, шахматтан 1-орынды Амангелді Нұрәділ («Иман мешіті»), 2-орынды Егінбай Рахат («Нұр мешіті») және 3-орынды Ақылбайұлы Эльдар («Еркін мешіті») қанжығасына байлады.

Командалық есеп бойынша 1-орынды «Еркін мешіті», 2-орынды «Нұр мешіті» және 3-орынды «Иман мешіті» иеленді.

Сайысқа қатысып, жүлделі орын алған спортшыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Алғаш рет өткен қалалық турнир өте тартысты өтті. Еріктілер жылындағы айтулы шараға қатысқан жамағат дән риза болып, тарқасты. Үрдіске айналар бұндай шаралар болашақта жалғасын табары сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру