Жуырда Қостанай облысы, Федоров ауданының «Жиентай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық сайысы өтті.
Сайыстың ашылуында ауданның бас имамы Е.Тілегенов отбасы, шаңырақтың ерекше құндылығы жайлы уағыз айтты.
Бұл сайысқа 6 отбасы қатысып, өздерінің қарым-қабілеттерін көрсетті. Әділқазылар алқасы оларға лайықты бағасын берді. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынға «Достық» тобы Айтбаевтар, «Қыран» тобы Бейбітхандар отбасылары ие болды.
2-ші орынға «Өрмекші Адай» тобы Бейбітхандар, «Таусоғар» тобы Амал отбасылары көтерілді. Ал жүлделі 3-ші орынды «Болашақ» тобы Ахметовтар, «Алға» тобы Халидолда отбасылары иеленді.
Жеңімпаздарға грамота мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне аудандық әкімдік қолдау көрсетіп, жанашыр азаматтар демеушілік етті.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
06.03.2020
3532
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру