Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Айнұр Әбдірәсілқызы әйел жамағатымен жүздесті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 06.03.2020 3044 0 пікір
Павлодар: Айнұр Әбдірәсілқызы әйел жамағатымен жүздесті

Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Еуразия Ұлттық университеті Дінтану кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Құрантанушы, арабтанушы ғалым, халықаралық дәрежедегі коуч-тренер (ICU) Айнұр Әбдірәсілқызы қалалық мешіттердің әйел жамағатымен кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық «Нұр-Ана» қоғамдық бірлестігінің мүшелері де келіп қатысты. Айнұр Әбдірәсілқызы кездесуге жиналғандарға зайырлы мемлекет қағидаттары мен заңнамаларын, дәстүрлі емес діни ағымдардың залалын, радикалды идеологияның зардаптары мен оларға елітудің салдарларын талдап-түсіндірді.

Сонымен қатар бүгінде ақпараттық-түсіндіру бағытында нақты жұмыстары жүргізіліп отырғанын талдап айта келе, жат ағымның арбауынан сақтану, дәстүрлі дініміздің толық танып түсіну бағытында мол мағлұматтар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру