Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралдық имамдар бас қосты

Орал орталық мешіті 06.03.2020 2611 0 пікір
Оралдық имамдар бас қосты

Мешіт ісі мен діни қызметтің сапасын арттыру және ҚМДБ-ның жыл басында берілген тапсырмалардың орындалу барысын талдау мақсатында Орал орталық мешітінде имамдар бас қосты.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев орталық мешіттің дін қызметкерлері мен Орал қалалық мешіттерінің бас имамдары, наиб имамдары, азаншылары қатысты.

Жиналысты Бас имам Мұратбек Мұхтарханұлы сөз сөйлеп, жүргізіп отырды. Облыс имамы өз сөзінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен атқарылған игі істерге тоқталып, әрі осы жолда аянбай тер төгіп келе жатқан дін қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Басқосу барысында ҚМДБ және Орал орталық мешіті тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу есебі қаралып, мешіт имамдарының этикалық ұстанымы мен тұлғалық келбеті, әр имамға тапсырылған есептері тілге тиек етілді.

Сондай-ақ ҚМДБ-ның 30 игілікті шарасы, мешіттің ішкі-сыртқы тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағартушылық және шаруашылық жұмыстарын жандандыру жағы да назардан тыс қалған жоқ.

Бас имамға дін қызметкерлері толғандырған сауалдарын жолдап, ортақ шешімге келіп, бірлесе еңбек етуге шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру