Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам Алматыда қызылордалық студенттермен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 06.03.2020 3340 0 пікір
Бас имам Алматыда қызылордалық студенттермен кездесті

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан қызылордалық студенттермен кездесті.

Университет қабырғасында өткен келелі кездесудің мақсаты – шәкірттердің хәл-ахуалымен танысып, қолдау білдіру.

Нүр-Мүбарактағы сапар университет басшылығымен кездесуден басталды. Алматыға арнайы сапармен барған бас имам Болатбек Абуовқа университет басшылығы облыс өкілдігінің білім алушы жастарға көрсеткен қамқорлықтары мен жанашырлықтары үшін алғыс білдірді.

Бұдан кейін Сыр студенттерімен өткен еркін форматтағы сұхбат барысында бас имам ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының оқу грантына ие болған жерлестерді құттықтай отырып, студенттерге болашақта білікті маман ретінде ислам дініне, елімізге адал қызмет ету үшін сапалы білімді меңгеру барлығына бірдей міндет екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, бос уақытты тиімді пайдаланып, жеке тұлға ретінде өздерін жан-жақты дамытуға, білім алуда табанды болуға шықырды.

Кездесу соңында бас имам биылғы бітіруші түлектерді Сыр аймағында қызмет етуге шақырған соң, шәкірттердің ұсыныс-тілектерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру