Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Кішкенекөлдегі Хәкім оқулары

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі 06.03.2020 2260 0 пікір
Абай-175: Кішкенекөлдегі Хәкім оқулары

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-танымдық байқаулар Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында да жалғасып жатыр.

Уәлиханов аудандық ішкі саясат және білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы Қожахмет хазрет мешітінде мектеп оқушылары арасында Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу сайысы өтті.

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты бұл шараға Кішкенекөл, Бидайық, Ақтүйесай, Қодыбай, Өндіріс, Мортық , Тілеусай және Жас Ұлан ауылдарынан жетпіс шәкірт қатысты. Ұлы ақын өлеңдерін үздік оқыған бастауыш сынып оқушылары мен ересек балалар үшін жекелей жүлделі орындар тағайындалды.

Байқауға демеушілік еткен азаматтардың арқасында қатысушылардың барлығы да сыйлықсыз қалмағанын айта кету керек . Жалпы бұл іс-шараға 340 мың теңге жұмсалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру