Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: 250 түп жеміс ағашы отырғызылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.03.2020 2659 0 пікір
Алматы: 250 түп жеміс ағашы отырғызылды

Бүгін ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған «30 игі шара» жобасы мен «Бір тал кессең, он тал ек» көгалдандыру шарасы аясында Алматы қаласы Алатау аудандық «Нұр» мешіті ауласына 250 түп жеміс ағашының көшеті отырғызылды.  

Шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алатау ауданының бас имамы Мади Ахметов, «Нұр» мешітінің бас имамы Олжас Сейдманов, «Шапағат» ықшамауданының әкімі Тохтаев Тахир және Ярмухаммед Кабиров бастаған аудан ақсақалдары мен имамдары және мешіт жамағаты қатысты.  

Қатысушылар көктемнің алғашқы күндерінен қаламыздың гүлденуі мен Алланың үйінің көріктеуіне үлес қосып, дана халқымыздың «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген өсиетін орындап, мешіт ауласына 170 түп алма, 30 түп өрік, 20 түп алмұрт және 30 түп шырша көшетін екті.   

Жылда дәстүрге айналған көгалдандыру науқаны биыл да Алматы қаласы мешіттерінің рухани тұрғыда ғана емес, салауаттылық пен тазалық тұрғысынан да бірлікте екенін тағы бір дәлелдеді.

Шара барысында бас имам Еркінбек Шоқай «Нұр» мешіті жанынан жаңадан бой көтеріп, құрылысы Рамазан айында біткелі жатқан мешіттің қосалқы ғимаратын аралап көріп, жамағаттың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру