ҚМДБ «Зекет» қорының Өскемен аймағы бойынша өкілі Хуат Аманбол облыстық ALTAI телеарнасының тікелей эфирдегі «Рауан» бағдарламасына қатысты.
Сұхбат барысында бес парыздың бірі зекет туралы халыққа кең көлемде ақпарат берді.
«Зекет беру арқылы адам Алланың берекетіне, байлығына, разылығына кенеледі. Сол арқылы Алла Тағаланың бұйыртқан байлығына шүкірлік етеміз. Зекет беру Исламда ғасырлар бойы жалғасып келеді. Берген қайыр-зекеттеріңіз мұқтаж отбасыларға қайырымдылыққа жұмсалады» деді Хуат Аманбол.
Ол сонымен қатар Зекеттің бекітілген нисап мөлшері жайлы айтып, халықтың сауалына жауап берді. Зекетті БАҚ-да насихаттау шарасы алдағы уақытта да жалғасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
05.03.2020
2868
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру