Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайықта 30 отбасыға көмек берілді

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 05.03.2020 3074 0 пікір
Ақжайықта 30 отбасыға көмек берілді

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамның бастамасымен Орал орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Шараны «Зекет» қорының Батыс Қазақстан облысындағы жетекшісі Самат Алибаев ұйымдастырды.

ҚМДБ-ның Ақжайық өңірі бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев биыл Діни басқарманың 30 жылдығына орай 30 шәкіртке шәкіртақы, 30 мешітке күрделі жөндеу, 30 мың тал егу сияқты ізгі амалдар жасалып жатқанын айтып өтті. Сондай-ақ қайырымдылық, шүкіршілік жайлы насихат айтып, игі жоба жалғасын табатынын жеткізді.

Қазақ – жетімін жылатқан халық. Аталған іс-шара – соның бір айғағы. Хақ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жетімнің басынан тек Алла үшін сипаған жанға оның қолы тиген әрбір тал шашы үшін жақсылық жазылады» деген. Қайырымдылық шарасында 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік берілді. Жиналғандар осындай игі шараны ұйымдастырған «Зекет» қорының БҚО-дағы өкілі Самат Алибаевқа ерекше алғыс айтты.

Осындай игі шара Орал қалалық Тәжіден Батырұлы мен Мұхаммед-Ғариф Түлбаев және Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешіттерінде де жалғасын тапты. Алла Тағала қасиетті Ережеп айында жасаған әрбір ізгі амалды сауаптан жазсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру