Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Ғибратқа толы рухани кеш

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 05.03.2020 2837 0 пікір
Маңғыстау: Ғибратқа толы рухани кеш

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Ақтау қалалық Достық үйінде «Ата-анама мың алғыс» атты рухани кеш өтті.

Рухани кештің шымылдығын Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов ашып берді.

Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі өнерпаздарының ғибратты ән-жыры кештің әрін кіргізіп, жиналған қауымды қуанышқа бөледі. «Ақжол» жастар жастар қанаты өнерпаздарының ғибратты оқиғаға толы қойылымы көрермен көңіліне ой салып, ерекше әсерге бөледі.

Кеш соңында Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы тағылым түйер жиынды түйіндеп, қорытынды сөз сөйледі. 

Сондай-ақ бас имам жуырда мейірімділігімен көпшілік сүйсінткен Ақтау қаласының №5 мектебінде 2-сынып оқитын Сабина Ерғалиқызына жүрекжарды тілегін айтып, алғысын жектізді. Оған қоса, бала да болса 70 теңге беріп садақа жасаған кішкентай Сабинаға 70000 теңгелік сертификатты табыс етті.

Жастардың діни көзқарасын дәстүрлі дін талаптарымен, әдет-ғұрып құндылықтарымен, ұлттық болмыспен ұштастырып, иманды, зиялы, зайырлы, қоғам құруға үлес қосу мақсатында өткізілген кештен көрермендер рухани азық алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру