Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: «Turan Collagen» кәсіпорны тексерілді

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 04.03.2020 2981 0 пікір
Халал Даму: «Turan Collagen» кәсіпорны тексерілді

«Халал Даму» комиссиясының Шымкент қаласына бағытталған іс-сапарының соңғы күнінде «TURAN COLLAGEN» кәсіпорны тексерілді.

«ҚМДБ халал» стандартына сай жұмыс жасайтын кәсіпорында жүргізілген бақылау-қадағалау жұмысына халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңшерушісі Смайл Сейтбеков, «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазыбек Сарыбаев, технолог мамандар Еркетаң Мақсұтова мен Арайгүл Бақытқызы қатысты.

Қазақстан нарығында 3 жылға жуық жұмыс жасап келе жатқан «Turan Collagen» ЖШС-ң негізгі қызметі - протеин өнімдер өндірісі.

Шұжық өнімдері мен консервілі өнімдер секілді тағам нарығында сұранысқа ие сиыр малының ақуызынан жасалатын табиғи, порошок секілді белок дайындайтын ірі кәсіпорын. Жоғары сапалы техникалық құралдармен жабдықталған кәсіпорын күніне 20 тонна ақуыз өндіруге қауқарлы.

«Turan Collagen» компаниясы негізгі бағытынан бөлек 20 түрлі тағамдық қоспа түрілерін де әзірлейді.

Компания өнімдері Ресей, Қырғызстан, Украина, Белорусь секілді алыс-жақын шет елдерге экспортталады.

Тексеріс барысында, «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартын» бұзушылық жағдайлары анықталмады. Жүргізілген бақылау-қадағалау жұмысы оң нәтижені көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру