Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістанда облыс имамдарының мәжілісі өтті

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 04.03.2020 2764 0 пікір
Түркістанда облыс имамдарының мәжілісі өтті

Түркістан облыстық мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдығы аясындағы хаттамалық тапсырмалармен таныстыру және жүзеге асыруға арналған мәжіліс өтті.

Аудан имамдарына кадр мәселесіне жіті көңіл бөлу, келісім-шарт негізінде жұмысқа тарту керектігі айтылды. Күн тәртібінде 23 мәселе қаралды. Бізде ЖАНТ жұмыстарын жандандыру,  жамағаттар арасында татулық байланыс орнату, арыз-шағымдарға ресми жауап беру, жеке кездесулерді жолға қою, намаз уағыздарын уақытылы айту тапсырлды.

Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді жоғары білімді имамдардың жетіспей жатқанына, соның салдарынан көптеген мешіттердің жай намазханаларға айналып жатқанына қынжылыс білдірді. Бұл мақсатта «Сарыағаш медресе-колледжінде» студенттермен кездесу өтіп, биыл оқу бітіретін түлектер дін қызметіне шақырылды. Қазіргі кезде облыстық және аудандық орталық мешіттер жанынан «діни сауаттандыру» және «кеңес беру орталықтарын» ашылғалы жатыр. 30 жылдық аясында жоспарланған жұмыстарды жауапкершілікпен атқаруға кірісіп кетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру