Ақсу қалалық мешітінің наиб имамдары Жомарт Семсерханұлы мен Асхат Қизатұлы жалпы білім беретін қалалық №2 мектептің жоғары сынып оқушылармен кездесті.
Имамдар бұл кездесуде оқушыларға үшінші Республикалық имамдар форумында бекітілген «Жеті рухани қазық» қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын таныстырып, түсіндірді.
Олар жеті рухани қазық атты құжатта адамгершілік құндылықтар жинақталғаны туралы, ол құндылықтар дегеніміз адам бойында табылуы тиіс басты жеті қасиет пен ерекшелік екендігін, еліміздегі мұсылмандар өмірінде бұл тұғырнама алдағы уақыттарда рухани бағыт-бағдар беретін басты құжаттың бірі екендігін айтып, тұғырнаманы жан жақты танып, зерттеп, әркім өз өмірі мен тұрмыс-тіршілігенде басты назарда ұстауға тиіс екендігін кеңінен түсіндірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Павлодар облысы Ақсу қалалық мешіті
04.03.2020
2572
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру