Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Қос діни қызметкер баспаналы болды

ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі 04.03.2020 4319 0 пікір
Алматы өңірі: Қос діни қызметкер баспаналы болды

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерей тойына орай «30 ИГІ ШАРА» жобасы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында қос діни қызметкер баспаналы болды.

Қайырымдылық іс шараға Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, ізгі тілегін білдіріп, республика бойынша «Ел үлесі-пәтерге» қайырымдылық акциясының 188, 189-ші үйлердің кілттерін табыстап, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Осы уақытқа дейін біраз жылдар пәтер жалдап келген діни мамандар ҚМДБ-сы және «Зекет» қайырымдылық қорының қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Баспана кілттері Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Майбұлақ мешітінің имамы Асқар Арыстанұлы (көп балалы отбасы, 6 баласы бар) және Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылдық «Кебекбай әулие» мешітінің имамы Мадияр Қуатбекұлына (көп балалы отбасы, 5 баласы бар) бұйырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру