Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Балаларға қуаныш сыйлады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 03.03.2020 2474 0 пікір
Қызылорда: Балаларға қуаныш сыйлады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы мен «Халал өнімдерді сертификаттау» бөлімі және «Мүсірәлі ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Buffet city» дәмханасында «Қуанса, бала қуансын» атты мерекелік кеш өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай бастау алған «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық жобасы аясында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен «Алғыс айту» күнінің құрметіне ұйымдастырылған игі шарада «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілерін ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, демеушілерге алғысын жеткізсе, «Жылы жүрек» қоғамдық қорының жетекшісі Сағатбек Қуанышбайұлы балаларға ерік-жігер беретін ағалық ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Сонымен қатар кеш аясында қонақтарға тәтті дәм ұсынылған соң, Абай атамыздың өмірінен сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Сұрақтарға дұрыс жауап беріп, қара өлеңдерін жатқа айту және сөзіне жазылған әндерді орындау арқылы өз өнерлерін ортаға салған балалар сыйлықтармен марапатталды. Және де барлық балаларға естелік ретінде «Әр күніңді әсемде» атты кітапша сыйға тарту етілді.

Айта кетейік, балаларды бақытқа бөлеп, қуаныш сыйлаған сауапты да шарапаты мол берекелі шараның басты демеушілері – «Buffet city» дәмханасының ұжымы мен «Мүсірәлі ата» мешітінің ерікті жамағаты.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру