Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рудныйдағы рухани кеш

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 03.03.2020 2585 0 пікір
Рудныйдағы рухани кеш

Ережеп айының құрметіне Рудный қаласында «Ғибратты қазына» атты рухани кеш өтті.

Тағылымды шара жастардың діни көзқарасын дәстүрлі дініміздің талаптарымен, әдет-ғұрпымыздың құндылықтарымен, ұлттық болмысымызбен ұштастыру, иманды, зайырлы қоғамның қалыптасуына үлес қосу, жастарға ой салу мақсатында ұйымдастырылды. Кеште ҚМДБ-ның бүгінде ел игілігі үшін жасап жатқан игі жұмыстары жайлы арнайы ақпараттық фильм көрсетілді. Шағын фильмнен Діни басқарманың қоғам пайдасы үшін атқарған істері жиналғандар назарына ұсынылды.

Жиынға арнайы қатысқан Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы ҚМДБ қабылдаған «Жеті рухани қазық» құжаттамасының мән-мағынасын түсіндіріп, уағыз-насихат айтты. Дәстүрімізді дәріптеп, дінімізді ұлықтауға бағытталған рухани кештің тағы бір тағылымды бағдарламасы бүгінде қоғамда жиі ұшырасатын отбасындағы тұрақсыздық, ажырасушылардың жиілеуіне орай санаға ой салар «Ана қадірі» атты сахналық қойылым болды.

Сондай-ақ рухани кеште ел тарихында өшпес із қалдырған ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы да қамтылып, жас өрендер Абайдың қара сөздерін жатқа оқыды. Шырқалған иләһи әндер, дәстүрлі-ғибратты жыр-термелер, бейнефильмдер жиынның әрін кіргізіп, көпшілік қауымды бір серпілтіп тастады.

Басқосу соңында қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев осынау кешті ұйымдастыруға мұрындық болған қала әкімдігі мен Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне, сондай-ақ мәдениет пен БАҚ өкілдеріне, жиналған жұртшылыққа алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру