Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде екі апталық дәріс алып жатқан шәкірт әйел-қыздар «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты.
ҚМДБ Өскемен аймағының Әйел-қыздар секторының жетекшісі Т.Қожахметова шәкірттерге мұражайды аралатып, таныстырды. Ол әр жәдігерге тоқталып, мұражай Ислам руханиятымен қатар ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін мұраларға толы екендігін жеткізді.
– «Ислам мәдениеті» мұражайының мешітте ашылуы ұлтымыздың тарихи санасын жаңғыртып, діни ордалардың мәдени-ғылыми орталыққа айналуына өз ықпалын тигізетін тың бастама ретінде бағаланып отыр. Жастар, оқушылар, әр мемлекеттен келген туристер, басқа облыстардан келген қонақтар келіп тамашалап, тарихымыздан мол мағлұмат алуда» деді Т.Қожахметова.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
03.03.2020
2643
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру