Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Қасиетті Ережеп айына құрмет

"Байкен" мешітінің баспасөз қызметі 03.03.2020 2575 0 пікір
Алматы: Қасиетті Ережеп айына құрмет

Қасиетті Ережеп айының құрметіне Алматы қаласы Бостандық  аудандық орталық «Байкен» мешітінде 300 адамға ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Ережеп айының қасиеттілігі сондай, кiмде-кiм бұл айда ораза ұстаса, Алланың шарапаты мен берекетіне лайық болады. Әнас ибн Мәліктен (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Уа, Расулалла! Ережеп айының «Шаһруллаһ» аталуының мәні неде?» – деп сұрады. Сонда Хақ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ережеп – Алла Тағаланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала құзырында сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда Алла тағала әнбиялардың, яғни пайғамбарлардың тәубелерін қабыл етіп, әулиелерді дұшпан-дарынан қорғаған. Бір кісі ережеп айын ораза ұстап өткізсе, Алла тағаланың үш жақсылығына ие болады. Өткен күнәларын кешіреді, қалған өмірінде түрлі теріс қылықтардан сақтайды, қиямет күні Алла тағала тарапынан сусындалады», – деп жауап берді.

Ауызашар дастарханынан кейін жамағатқа сенім, ғибадат және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны тақырыптарынан қамтылған 30 сұраққа жауап беру интеллектуалды ойыны жүргізілді. Сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап бергендер марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

«Байкен» мешітінің бас имам Данияр қари Әлимұхамедұлы жиналған жамағатқа «Қасиетті үш ай» жайлы мәліметтер беріп, «Білім алудың артықшылығы» жайлы уағыз айтты. Уағыздан кейін мешіт жамағаты Құран Хатым батасын оқыды. Алладан ел ынтымағы мен бірлігінің артуын тілеп, еліміз және әлем мұсылмандарын түрлі індеттердің кесірінен сақтау үшін дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру