Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Еркебұлан Қарақұлов – Павлодар өңірінде

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 03.03.2020 1999 0 пікір
Еркебұлан Қарақұлов – Павлодар өңірінде

Шымкент қалалық «Біләл» мешітінің бас имамы, Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Еркебұлан Қарақұлов Павлодар өңірінде болды.

Ол Павлодар өңірінде орналасқан  162/1, 162/2, 162/3 және 162/4 түзету мекемелерінде болып, жазасын өтеушілерге жат ағымның зардабы, нақты сипаты, елімізге және отбасыларға, жеке басына тигізетін зияны, мұсылманның ауызбіршілігі, ел тыныштығы, мұсылмандарға пайдалы болу тақырыптарында насихат айтып, олардың жекелеген түрлі сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар кездесулерде Отанға сүйіспеншілік, ата-ананың разылығына жету, дінді дұрыс ұстану, айналасындағылармен көркем мәміледе болу, бос уақытты тиімді пайдалану жолдары, білім алу секілді тәрбиелік мәні бар мазмұнды тақырыптар да молынан айтылды.

Бұдан кейін Еркебұлан Қарақұлов Павлодар облыстық «Халық радиосының» «Таным» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді. Бағдарламада қазіргі заманғы мұсылманның тұлғасы, жат ағымның сипаттары мен сақтану жолдары әңгімеге арқау болды. 

Сондай-ақ ол «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жамағатымен жүздесіп, әлеуметтік желілердегі діни ағымдардың тигізер қаупі, ұлт болашағы, дін және жастар танымы тақырыптарында тұщымды уағыз айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру