Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әулие-ата Феникс» құс фабрикасы тексерілді

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 03.03.2020 3534 0 пікір
«Әулие-ата Феникс» құс фабрикасы тексерілді

«Халал Даму» мамандарының Жамбыл облысындағы іс-сапары аясында Байзақ ауданы Мырзатай ауылында орналасқан «Әулие-ата Феникс» құс фабрикасы тексерілді.

Тексеріске ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, жергілікті жауапты өкіл Нұрмаджан Миразизов, технолог мамандар Арайгүл Бақытқызы мен Еркетаң Мақсұтова қатысты.

Білікті мамандардың қатысуымен өткен бақылау-қадағалау барысында құс азығының шариғатқа сай таза болуы, қасапшылардың құсты қолмен бауыздауы, конвейрде айналу ұзақтығы, сулы ванна температуарсы (ошпарка), салқындатқышта сақтау мерзімі секілді барлық процестің ҚМДБ халал стандарт талаптарына сәйкестігі анықталды. Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарын бұзушылық жайттарыы анықталмады.

Тексеріс соңында, Смайыл Сейтбеков «Әулие-ата Феникс» кәсіпорны басшылығына халал индустриясын дамытуға қосқан еңбектеріне еліміздегі күллі халал өнімді тұтынушылардың ризашылық білдіріп, жұмысына жеміс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру