Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Семейде екі апталық семинар өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 03.03.2020 2169 0 пікір
Абай-175: Семейде екі апталық семинар өтті

Семейдегі «Төлеубек қажы» мешітінде Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Хакім Абайдың рухани мұралары» атты екі аптаға созылған семинар мәресіне жетті.

Мешіт қызметкерлеріне арналған танымдық, тағылымдық мән-мағынаға толы болған семинардан қаланың имам-молдалары мол тәжірибе жиды. Рухани тұрғыдан берері мол шара барысында имамдар күнделікті қызметте, мешіт ісін жүргізуде, жамағатпен жұмыс істеуде ескерілуі тиіс ортақ қағидаларға қанығып, кәсіби машығын да ұштады.

Расында, дін қызметі білімнен ғана емес, тәжірибемен де тығыз астасуы тиіс. Сондақытан ата дінімізді ұлттық дәстүр мен салт-сана тұрғысынан және Абай сынды дана тұлғалардың рухани мұралары тұрғысынан зерделей білу қажет.

Семинардың соңғы күнінде аймақтағы Ислам дінінің кеңінен қанат жайып, өркендеуіне үлес қосып, дін жолында жемісті еңбек етіп жүрген және рухани тұрақтылықты сақтай отырып, имандылықты кеңінен насихаттаған мешіт имамдары мен наиб имамдарына ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Мұқанов сертификат табысталды. Бас имамы осындай маңызды семинарды ұйымдастырып, жүргізген «Төлеубек қажы» мешітінің имамы Ұлан Ермекұлына да алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру