Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам аудандарды аралады

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 03.03.2020 2383 0 пікір
Қызылорда: Бас имам аудандарды аралады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов бастаған делегация Қазалы, Арал аудандарына арнайы сапармен барды.

Бас имам Болатбек Абуов Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевпен кездесті. Кездесуде аудандағы діни ахуал мен қоғамдық мәселелерді шешу жолдары сөз болды. Бас имам жат ағым жетегінде кетудің алдын алу мақсатында құрылған Жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) мүшелерінен жасақталған делегациямен аудан жұртшылығына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге келгенін атап өтті. Сонымен қатар, аймақтағы діни тұрақтылықты сақтау турасында өзара ұсыныс-пікірін бөлісіп, алдағы уақытта да ел игілігі үшін бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

Сондай-ақ Болатбек Ұласқанұлы Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» орталық мешітінде, ал облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы А.Жұбанов пен ұстаз А.Кенжалы аудан орталығындағы «Қожаназар Ишан» және «Әли мұса» мешіттерінде жергілікті жамағатпен кездесті. Сұхбат барысында имамдар жат ағым жетегінде кетудің зардабы мен діни білімсіздіктің зиянына тоқталып, ауызбіршілік, бауырмалдылық, дұрыс білім алу тақырыптарында насихат айтты.

Бұдан ары Болатбек Ұласқанұлының сапары Арал ауданында жалғасты. Мұнда бас имам Арал көпсалалы колледжінде болып, студент жастармен және оқытушылар кездесті. Жүздесуде Отанға сүйіспеншілік, ата-ананың разылығын алу, дінді дұрыс ұстану, айналадағылармен көркем мәміледе болу, бос уақытты тиімді пайдалану, білім алу секілді тәрбиелік мәні бар мазмұнды тақырыптар төңірегінде ғибратты әңгіме өрбіді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру