Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Павлодарда Абай шығармаларынан сайыс өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 02.03.2020 2737 0 пікір
Абай-175: Павлодарда Абай шығармаларынан сайыс өтті

Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Павлодар қалалық «Омар әл-Фаруқ» мешіті әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» атты ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен облыстық сайыс ұйымдастырды.

Сайысқа қатысушыларға және көрермендерге арналып облыстық С.Торайғыров атындағы орталық кітапхана мен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханалары бірлесіп Абай Құнанбайұлының шығармалары бойынша кітап көрмесін ұйымдастырды.

Сайыс екі номинация бойынша топтық жарыс түрінде өтті. Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу және қара сөздерін жатқа оқу, қосымша ақын өмірбаянынан сұрақтар қойылды.

Сайысқа Павлолар облысы бойынша «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, «Ақмешіт» мешіті, қалалық «Омар әл-Фаруқ» мешіті, Екібастұз қалалық мешіті, Ақсу қалалық мешіті, Шарбақты аудандық мешіті, Кашыр ауданы Тереңкөл ауылдық мешіті, Екібастұз ауданына қарасты Солнечный кентінің «Жеміс әулие» мешітінің әйел шәкірттері қатысты.

Барлық қатысушылар жоғары деңгейде дайындықпен келіп,әділқазылар шешімі бойынша, бес топ алғыс хат және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталса, өте жақсы көрсеткіш көрсеткен үш топ ақшалай сертификаттарды иеленді.

Сайыста қалалық «Ақмешіт» мешіті жеңіске жетсе, жүлделі екінші орынға «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті, жүлделі үшінші орынға Қашыр ауданы, Тереңкөл ауылы мешітінің шәкірттері ие болды.

Ал Шарбақты аудандық мешітінің шәкірттері «Көрермендер көзайымы» атанып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Байқау соңында мешіт ұжымының ұйымдастыруымен келген барша жамағатқа дастархан жайып, ас берілді, әжелердің батасын алып тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру