Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда «Салт-дәстүр сөйлейді» атты семинар өтті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 02.03.2020 2476 0 пікір
Талдықорғанда «Салт-дәстүр сөйлейді» атты семинар өтті

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің «Жастар ісі» секторы мен өкілдіктің «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастырумен «30 жылға 30 игі шара» аясында Алғыс айту күнінің құрметіне орталық «Иман» мешітінде әйел-қыздар секторының жамағатына арналған «Салт-дәстүр сөйлейді» деген тақырыпта ұстаз Фарида Бегімханованың семинар-тренингі өтті.

Жиынның мақсаты әйел жамағатына дәстүрге сай бала тәрбиесін дәріптеу, отбасы құндылықтарын Ислам жауһарларынан табу жолдарына бағыттау.

Баланың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін өзекті мәселелер, болашаққа бағдар беруде кері факторлардың алдын-алу жолдары жайында да сөз қозғалды.

Шара барысында көптеген құнды дүниелер айтылып, арнайы жүргізілген тікелей эфирдің және келушілердің сұрақтарына жауап берілді. Естелікке суретке түсіп, ары-қарай сұхбат мерекелік дастархан басында жалғасты. Әйел жамағатына ұнаған бұндай кездесулер болашақта жалғасын табары сөзсіз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру