Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам Тарбағатай имамдарымен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 02.03.2020 2447 0 пікір
ШҚО: Бас имам Тарбағатай имамдарымен кездесті

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы бойынша діни қызметкерлер имамдармен кездесті. Жиын Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешітінде болды. Басқосуға аудан бойынша барлық мешіттердің имамдары қатысты.

Жиында бас имам: «Ұлтымызды бірлікке ұйытып, әрбір істе ізгілікті, әділдікті, қайырымдылықта насихаттауымыз керек. Бұл біздің дініміздің негізгі өзегі. Жеті рухани қазық рухани тұғырнаманы танытып, насихаттауымыз керек. Сонымен қатар елдің діни сауаттылығының артуына барынша мүдделі болып, уағыз-насихат жұмысын жүйелі жасау маңызды» деді.

Бас имамы кездесуде Абайдың 175 жылдығына орай Абай тағылымын насихаттау, ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай «30 игі бастама» жобасын жүзеге асыру туралы тапсырмаларды түсіндірді.

Жиынға қатысушы ауыл молдалары өздерінің ой-пікір, ұсыныстарын білдірді. Бас имам аудан және ауыл имамдарына бірқатар маңызды міндеттерін жүзеге асыру турасында нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру