Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл өңірінде «اقرأ» кітап оқу клубы ашылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 02.03.2020 2664 0 пікір
Жамбыл өңірінде «اقرأ» кітап оқу клубы ашылды

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен дәстүр мен діннің сабақтастығын тереңірек түсініп, рухани құндылықтарымызды сіңіру мақсатында «Дін мен дәстүр» кітабын оқу марафоны өтті. 

Шараға қатысқан жастар сектор жетекшісі Ержан Аманбаевтың бастамасымен кітапты 1 айда толық оқып, талдап, тереңірек үңіліп, түсіндірме дәрістерін тыңдады. Қорытынды ретінде қатысушылардан кітап бойынша емтихан алынып, нәтижесі шығарылды.

Сонымен қатар, діни, рухани, әдеби сананы қалыптастыру, жастарды кітап оқуға баулу үшін «اقرأ» кітап оқу клубы ашылды. «اقرأ» араб тілінен аударғанда «оқы» деген мағынаны білдіреді. Клубтың ашылу салтанатына қатысқан жастар қауымы кітап оқудың пайдасы жайлы ойларымен бөлісіп, кезекті оқитын және бірлесіп талдайтын кітаптарды қарастырды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру