Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму»: Шымкенттегі кәсіпорындар толық тексерілді

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 02.03.2020 2260 0 пікір
«Халал Даму»: Шымкенттегі кәсіпорындар толық тексерілді

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбек Шымкент қаласындағы халал стандарты бойынша сертификатталған барлық ірі және шағын кәсіпорындарды түгелдей айлық тексерістен өткізді

Шымкент қаласы «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындар ауқымының көптігі жағынан үздік үштіктің қатарында.

Ақпан айының басынан бастау алған кезекті айлық тексеріс, ай соңында өз мәресіне жетті.

Тексеріс барысында «Айкан» кәсіпкерлігіне қарасты «Эмир» сауда белгісімен шығатын сүт өнімдері зауыты, «ДДД», «Исфиджаб» шұжық цехы секілді ірі кәсіпорындар мен қаладағы барлық шағын кәсіпорындар, яғни, ет дүкендері, кондитерлік өнімдер мекемелері, асханалар мен дәмханалар түгелдей дерлік тексерілді.

«Халал Дамудың» технолог мамандары мен жергілікті жауапты маман Сарыбаев Қазыбектің жіті қадағалауымен жұмыс жасайтын кәсіпорындардан халал стандарт талаптарын бұзушылық, рұқсат етілмеген өнімдер мен шикізат көздері мен тиым салынған қоспаларды қолдану жағдайлары анықталмады. Сертификатталған барлық кәсіпорындар «ҚМДБ халал» стандарты бойынша жұмыс атқарып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру