Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Алғыс айту күні» қарсаңында қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 02.03.2020 454 0 пікір
Қызылорда: «Алғыс айту күні» қарсаңында қайырымдылық жасалды

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Арал аудандық орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай бастау алған «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық жобасы аясында «Алғыс айту күні» қарсаңында ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы және «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы өкілі Онталап Тасболатұлы мейірімділік, шүкіршілік турасында насихат айтып, игі жобаның жалғасын табатынын жеткізді.

Сонымен қатар, аталмыш мереке қарсаңында «Зекет» қорының аймақтағы өкілдігінің ұйытқы болуымен Шиелі, Жалағаш аудандық орталық мешіттерінде, қалалық «Құддыс Ишан», «Алдажар Жәме», Байқоңыр қалалық «Жәрімбет ата» мешіттерінде қайырымдылық акциялары өткізіліп, жалпы облыс бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 80 отбасыға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік сөмкесі, 2 отбасыға көмір үлестіріліп, «Ақмаржан» балабақшысына көмек көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі