Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Батыр ауылының тұрғындары тасаттық берді

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.03.2020 2935 0 пікір
Маңғыстау: Батыр ауылының тұрғындары тасаттық берді

Маңғыстау облысына қарасты Мұнайлы ауданының Батыр ауылында тұрғындар мен мешіт жамағаты тасаттық берді.

Тасаттыққа ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысты. Аталмыш тасаттық шарасында бас имам тасаттықтың маңыздылығы мен сауабы жөнінде уағыз айтты.

Бас имам ауыл тұрғындары және мешіт жамағаты бірге Батыр ауылында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Құран бағыштап, дұға жасады.

Жалпы тасаттық – көпшілік жиылып атқаратын діни рәсім. Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқылып, Алла Тағаладан тыныштық пен тыныштық болуын тілеп ниет қылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру