Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Балаларға қуаныш сыйлады

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 01.03.2020 2230 0 пікір
Қарағанды: Балаларға қуаныш сыйлады

ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай игі шараларды арттыру бағытында Қарағанды облысының «ЗЕКЕТ» қоры мен «ЖАСТАР СЕКТОРЫ» балаларға арнап бірлескен қайырымдылық шарасын өткізді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы отбасылар, әлеуметтік аз қамтылған және жетім балалар үйінен жеткіншектерді топтастырып, көңілді демалыс кешін ұйымдастырды. Халыққа арналған демалыс кешенінің демеушілігімен өткізілген іс-шара барысында Құран оқылып, мекеме ұжымы мен балаларға бата берілді. Облыстық «Әнет баба» мешітінің діни қызметкерлері балаларға арнап ата-анаға құрмет, білім алудың маңызы, Отансүйгіштік жайында насихат айтты.

Ұлттық ойындар мен балалардың ой және дене дамуын арттыратын тартысты сайыстар өтіп, тіл үйірер дәмді тағамдар ұсынылды. Тәрбиелік мәні зор көңілді кеш ұйымдастырған мекеме басшылары мен «Зекет» қорына, мешіт ұжымына ата-аналар мен балалар алғысын айтып тарқады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру