Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкжота ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен дзюдодан аудандық турнир өтті.
Бәсекеге жасөспірім спортшылар көптеп қатысып, сайыстың мерейін асырды. Ауылдық спорт кешенінің іші күрес сүйер жамағатқа лық толы.
Шараны ұйымдастырушы ауылдық мешіт имамы Еділхан Сарыбасов: «Ислам дінінде денсаулыққа көңіл бөліп, салауатты өмірдің маңызы өте жоғары насихатталады. Күрес – қазақтың төл спорты. Қазіргі таңда жастардың спортқа, соның ішінде күреске қызығушылығы жоғары» деп атап өтіп, бүгінгі жиынды өткізудің маңызына тоқталды.
Бәсекені кәсіби палуандар мен спорт мамандарынан құралған қазылар алқасы сараптады. Жарыс жеңімпаздарына мешіт атынан сыйлықтар табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
29.02.2020
2746
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру