ҚМДБ-ның Павлодар облыстық өкілдігі қасиетті Құран кітабының әртүрлі кезеңдегі басылымдары мен аудармалары және діни әдебиеттер мен оқулықтарының көшпелі көрмесін өткізді. Бұл көрменің ерекшелігі көрме ауыл-аудандар мен ұйым-мекемелерде өтуде.
Көшпелі көрме осы аптада Павлодар облысының Ақтоғай ауданында ұйымдастырылды. Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен шараға аудан орталығындағы Абай және Қайырбаев атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары, аудан әкімдігінің жауапты қызметшілері, ауылдың имам-молдалары, зиялы қауымдар, ақсақалдар арнайы шақырылды.
Алдымен ауданның бас имамы Ахметолла Қожахметов жиналған көпшілікке іс-шараның мақсат-маңызын таныстырды. Бұдан кейін облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханашысы Назым Ғизатқызы көрмедегі діни әдебиеттер мен оқулықтар туралы кеңінен таныстырып, түсініктеме берді. Қатысушылар тарапынан да бірнеше адам өз лебізі мен ризашылығын білдіріп, жастар әртүрлі сұрақтар қойып, жауап алды. Шара барысында аудан орталығындағы Өнер мектебі шәкірттерінің орындауында халықтың таңдаулы күйлері орындалды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі
29.02.2020
2601
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру