Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рудный: Кітап оқып жарысты

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 29.02.2020 2698 0 пікір
Рудный: Кітап оқып жарысты

Рудный қалалық «Нұр» мешітінде «Кітап – білім бұлағы» атты сайыс өтті.

Сайыс мақсатын мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы түсіндіре келіп: «Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Біз жастарымыздың кітап оқуға деген құлшыныстарын арттыра түсуіміз керек», – деді.

Сайыс ережесі бойынша байқауға қатысушылар «Дін мен дәстүр» кітабын оқып шығып, мазмұнын қатысушыларға жеткізуге тиіс болды. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, оларға діни кітаптар, естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл шара мешіттің ер жамағаты арасында өтсе, әйел жамағаты арасында да Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Мұнда сайысқа қатысушылар Абайдың қара сөздерін жатқа оқып, жарысты. Сайыс соңында Әйел-қыздар секторының ұстазы Аяулым Ермекқызы ерекше көзге түскендерге қатысушыларға сый-сияпат ұсынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру