ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Абуов бастаған бір топ білікті имамдар Арал ауданына арнайы сапармен барды.
Қасиетті жұма күні жасалған сапар кестесіне сәйкес, Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Арал аудандық орталық мешітінде, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы А.Жұбанов және ұстазы А.Кенжалы, Қазалы аудандық мешітінің Бас имамы Б.Сүлейменовтер Сексеуіл, Жақсықылыш, Аманөткел кенттерінде орналасқан мешіттерде жергілікті жамағатқа «Адамға алғыс білдірмегеннің, Аллаға шүкірі жоқ» тақырыбында жұма уағызын айтып, ынтымақ-бірлікке шақыру, шүкіршілікте болу, жақсылық жасаудың маңызы мен пайдасы жайлы түсіндірді. Сонымен қатар жат ағым жетегінде кетудің зардабы, діни білімсіздік кеселі, ымырасыздық зиянына тоқталып, өнегелі насихат айтты. Және де Бас имам аудандық мешіттің наиб имамдық қызметіне жаңадан тағайындалған Б.Ілиясовты таныстырды.
Бұдан кейін мешітке келген жамағатпен бірге жұма намазын оқыған соң, Алла Тағалаға тұғырлы Тәуелсіздігіміз бен бейбіт заманымыз үшін шүкіршілік айтып, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп, дұға жасады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
29.02.2020
2551
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру