Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму» басшысы жұма уағызын жүргізді

asyldin.kz 28.02.2020 2386 0 пікір
«Халал Даму» басшысы жұма уағызын жүргізді

Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі, «Халал Даму» ЖШС директоры  Сейітбеков Смайыл Сүйірқұлұлы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жұма уағызын жүргізді. 

«Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ» тақырында өткен жұма уағызында алыстан арт артып келген дін маманы халықты әсерлі насихатына ұйытып, шүкірдің түрлеріне тоқталып өтті. «Иә, жақсылықтың қарымы дәл сондай жақсылық емей немене?!» деп «Ар-Рахман» сүресінде айтылғандай шүкіршілік жасай отырып адам қандай рухани жетістікке жететінін және шүкіршілік бар жерде арту бар екенін тілге тиек етті. 

Көпке танымал «Иман негіздері» кітабының авторы Смайыл Сейітбеков жамағатқа жұмалық үгітті жақсы жеткізе білді. Айта кету керек, Смайыл мырза кеше ақшам намазынан кейін Жамбылдық жұртшылықпен арнайы кездесу де өткізген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру