Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Жылыой ауданында ақсақалдар арасында облыстық бата жарысы өтті

www.islam-atyrau.kz/ 28.02.2020 194 0 пікір
Атырау: Жылыой ауданында ақсақалдар арасында облыстық бата жарысы өтті

Жылыой ауданында Атырау облысы деңгейінде өткен бата жарысы қорытындыланды. Аталмыш шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

Рухани бәсекеде бас жүлде Жылыой ауданының намысын абыроймен қорғаған Құсайын Жәкеев ақсақалға бұйырды. Бірінші орынды Атырау қаласының тұрғыны Машрық   Олжабаев жеңіп  алды.

Екінші және үшінші орындарды Исатай  ауданының тұрғыны Бекежан Өтепқалиұлы мен Махамбет ауданының намысын қорғаған Әміржан Молдашұлы өзара  бөлісті.

«Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата – қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста жүрген дәстүрдің бірі. Бата оқылған кезде үлкен-кіші әр сөзін ықыласпен тыңдайды.

Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өміріне тигізер әсері зор болғаны тарихтан белгілі. Ислам дінінде үлкеннен бата алудың, жақсы сөз айтудың мәні зор» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

«Біздің басты мақсатымыз  - аузы дуалы қариялардың баталарын жалпақ елге үлгі етіп, басқаларды ынталандыру. Және жас ұрпаққа батаның тәрбиелік мәнін ұғындыру. Сайысқа демеушілік жасаған «Жал-Жан» серіктестігінің  директоры Еркін қажы Арынұлына алғысымыз шексіз» дейді Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев.

Еске сала кетелік, жеңімпаздарға тігілген жүлде қоры төмендегідей.

Бас жүлде – Умра қажылығы. Бірінші орын – 200 мың теңге. Екінші орын – 100 мың теңге. Үшінші орын – 50 мың теңге. Және қатысушылардың барлығына бағалы сыйлық үлестірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі