Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ақ ниет» шұжығы тексерілді

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 27.02.2020 2941 0 пікір
«Ақ ниет» шұжығы тексерілді

«ҚМДБ халал» сертификатына ие болған шұжық цехтарының басым көпшілігі Жамбыл облысында орналасқаны белгілі.

Өңірдегі «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған барлық кәсіпорында бақылау-қадағалау жұмысын жүргізу мақсатында ҚМДБ-ның Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, сарапшы-технолог Арайгүл Бақытқызы, технолог Еркетаң Мақсұтова арнайы іссапармен Жамбыл өлкесіне барды.

Смайыл Сейтбеков пен «Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов, сонымен қатар технолог мамандардың  қатысуымен іссапардың алғашқы күнінде «Ақ ниет» шұжығын өндіруші шаруа қожалығы тексерілді.

Талас ауылында орналасқан «Ақ ниет» кәсіпорнының шұжық өндірісі барысында қолданатын шикізат көзі, яғни ет өнімдері өздеріне тиесілі шаруа қожалығынан жеткізіледі. Тасымалданатын ірі қара мал кәсіпорынның қасапханасында сойылып, бөлшектеліп, шұжық цехына жіберіледі.

Шұжық өндіру барысында, жаңа сойылған мал еті қолданылады. Қасапханада халал стандарты бойынша оқытылған қасапшылар жұмыс істейді.

Бақылау-қадағалау барысында, мал сою және бауыздау, халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын халал стандарт талаптарының қадағалануы мен орындалуы жіті тексерілді. Сонымен қатар, санитарлық тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады.

Бірнеше білікті маманның қатысуымен жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша ҚМДБ халал стандарты талаптарын бұзу, бекітілген ережелерге бағынбау шаралары анықталмады. Тексеріс қорытындысы бойынша, «Ақ ниет» шаруа қожалығының өнімдері мен қызметі толықтай «ҚМДБ Халал» стандартына сай.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру