Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Волейбол турнирі қорытындыланды

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 27.02.2020 2338 0 пікір
Атырау: Волейбол турнирі қорытындыланды

Атырау облысы Исатай ауданында екі күнге созылған аймақтық деңгейдегі волейбол турнирі мәресіне жетті.

Барлығы тоғыз команда бақ сынаған турнирде Жылыой ауданының «Жылыой» мешіті жамағатынан құралған команда бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Атырау қаласының орталық «Иманғали» мешіті жамағаты командасы еншіледі. Үшінші орын Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешіті жамағаты командасына бұйырды. Индер аудандық орталық мешітінің командасы Бас мүфти атынан табысталған 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

«Қатысушылардың бәріне сый-сияпат берілді. Ең бастысы екі күнге созылған спорт шарасы жамағаттың өзара танысып, арадағы достық қарым-қатынастың дамуына ықпал етті. Біздің мақсатымыз – мұсылман бауырларымыз арасында салауатты өмір салтын насихаттап, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге үндеу. Ислам – құлшылықты, білімді, сонымен бірге рухы мықты, дені сау қоғамды да насихаттайтын асыл дін» деді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, волейбол турнирі ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру