Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Қызылжарда мүшайра өтті

"Қызылжар" орталық мешітінің баспасөз қызметі 27.02.2020 3936 0 пікір
Абай-175: Қызылжарда мүшайра өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар легі жалғасуда.

Жақында ғана «Қызылжар» орталық мешіті Абай өлеңдерін оқудан өңірлік байқау өтсе, енді мешіт өңір орталығындағы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен «Өлең – сөздің патшасы» атты аймақаралық жастар мүшайрасына демеушілік қолдау көрсетті. Осылайша Қызылжар» орталық мешіті ақын мұраларын насихаттап, жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулуға бағытталған игі істерге белсене қатысуда.

Кітапхана ұжымы ұйымдастырған жыр сайысына Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының дарынды жас ақындары қатысты. «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай үлкен сайыс алдында қатысушыларға ақ батасын беріп, сәттілік  тіледі. Қаламы ұшқыр дарын иелерін биылғы атаулы даталармен құттықтап, бұл мерейтойлардың тиісті түрде мерекеленуіне жас ақындардың қосар үлесі зор екенін атап көрсетті.

Жыр додасында Павлодар облысының ақыны Жарқынбек Амантайұлы жеңіске жетті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру