ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Әйел-қыздар секторы және қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Халал ас» тақырыбында тегін шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сағатында мешіт жамағаты кондитер Г.Утемалиева ханыммен бірге торт пісірудің қыр-сырын үйреніп, дайындалу барысымен танысты.
Сонымен қатар, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты маманы П.Шарапатова ханымдарға адал астың пайдасы мен халал өнімдер технологиясы жайлы түсіндіріп, халал индустрияға қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында барлық қатысушылар шеберлік сабағында дайындалған дәмнен ауыз тиіп, уақыт бөліп, білгенімен бөліскен ханымдарға алғыс айтты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
27.02.2020
2749
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Gulbakyt Bermanova | 27.02.2020 05:30
Қандай күшті!!! Алматыда қашан болады екен?