Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Қағанат» асханалар желісін тексеру басталды (ФОТО)

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 26.02.2020 2939 0 пікір
Алматы: «Қағанат» асханалар желісін тексеру басталды (ФОТО)

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің бақылауындағы «Қағанат» асханалар желісі ақпан айының басында сертификат мерзімінің аяқталуына байланысты сертификатын қайта жаңартқан болатын.

Бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков асхана басшылығына алдағы уақытта ай сайын тұрақты тексеріс жұмыстары жүргізіп тұратындығын және қатаң қадағалайтынын ескерткен еді.

Көп уақыт өтпей-ақ «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «Компания Қағанат сервис» ЖШС-ң Алматы қаласындағы 20 желісінде тексеріс жұмыстарын жүргізуді қолға алды.

Бақылау-қадағалау барысында тамақтандыру қызметтері, халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарттарының сақталуы басты назарға алынды.

Тексерістің алғашқы легінде қадағаланған асханалар желісінде «ҚМДБ халал» стандарты талаптарын бұзушылық жағдайлары анықталмады. Алдағы күндері «Қағанат» асханалар желісінің қалған бөлігі халал стандарт талаптарын сақтау және орындау талаптары бойынша тексерілетін болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру